18 қараша, Дүйсенбі

Жанқош Тұраров титулдық жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың екі айда екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров екі жылғы үзілістен кейін 1 маусым күні Уэльс елінде шаршы алаңға қайта оралады. Әзірге қарсыласы белісіз. 

Сондай-ақ бүгін белгілі болғандай Жанқош Тұраров Уэльстен кейін Нұр-Сұлтан қаласында титулдық жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр. Бұл кеште MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырғандар Сұлтан Зауырбек (6-0, 4КО), Әбілқайыр Шегалиев (5-0, 4КО), Виктор Коточигов (9-0, 4КО), Нұртас Әжбенов (5-0, 1КО) пен Әли Балоев (8-0, 7КО) секілді боксшылар бар. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні, Астана қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйге (21-5-0, 18 КО) қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Бұл отандасымыздың 22-жеңісі. Әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген.

Бөлісу

.