25 Мамыр, Сенбі

Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Таразда волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

7-15 мамыр аралығында   Таразда волейболдан ерлер арасындағы ұлттық лиганың плей-офф кезеңі өтіп, еліміздің 27-ші чемпионаты аяқталды. Біріншілік қорытындысы бойынша, алғаш рет «ТНК Қазхром» командасы жеңімпаз атанды.  Ақтөбе облысы Хромтау қаласының командасы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатының алтынын иеленіп отыр. Күміс жүлде былтырғы жеңімпаз «Атырау» волейбол клубының еншісінде. Қола медаль үшін өткен тартысты кездесуде «Маңғыстау» волейбол клубы Солтүстік Қазақстаннан келген «Есіл» командасын жеңіп, алғаш рет ел чемпионатының жүлдегерлері қатарына енді.

Бөлісу

.