18 шілде, Бейсенбі

Жас теннисшілеріміз Азия чемпионатында топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық жас теннисшілер Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Өзбекстан астанасы Ташкентте теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жабық Азия чемпионаты аяқталды. Қыздар арасындағы жекелей сында Сандуғаш Кенжебаева чемпион атанды. Турнир барысында бірде-бір рет жеңілмеген ол финалда Үндістан спортшысын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Ұлдар арасындағы бәсекеде де біздің спортшымыз топ жарды. Макс Батютенко ақтық сында турнирдің екінші ракеткасы, тайландық теннисшіні 6:4, 6:1 есебімен жеңді. 

Құрлық чемпионатында көзге түскен Кенжебаева мен Батютенко жазда Еуропада өтетін жоғары санатты турнирлерге қатысу мүмкіндігін алды. Олардың барлық шығынын Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өз мойнына алмақ.

Бөлісу

.