25 Мамыр, Сенбі

Шымкентте әйелдер боксынан Қазақстан Спартакиадасы жалауын желбіретті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Шымкентте әйелдер боксынан Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы басталады,– деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Шымкентте бұрымды боксшылар бәсекесі жалауын желбіретті. Елішілік турнирге жалпы есебі 79 спортшы қатысады деп күтілуде. Спартакиадаға еліміздің 15 аймағынан боксшылар келмек. Тек Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысының командалары турнирден сырт қалады. Ал ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары турнирге түгел қатысады. Жарыстың тағы бір ерекшелігі — Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнованың шаршы алаңға қайта оралуы. Тәжірибелі спортшы 69 келіде бақ сынайды. 

Әйелдер боксынан Қазақстан Спартакиадасы бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Айта кетейік, бұл дода 19 мамырға дейін жалғаспақ.

Бөлісу

.