18 шілде, Бейсенбі

«Хабар» арнасы Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегін көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Хабар» телеарнасы жеңіліс дәмін татпаған Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12 КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіліс дәмін татпаған отандасымыз 17 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы ресейлік Арсланбек Махмудов (7-0, 7 КО) пен американдық Джонатан Райс (10-3-1, 6 КО) WBC International тұжырымы бойынша чемпиондыққа таласады.

Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы 18 мамыр күні таңғы сағат 07:00-де көрсетеді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев  соңғы кездесуінде мексикалық боксшы Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) 10 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңді. 

Бөлісу

.