25 Мамыр, Сенбі

Қазақстан U-15 — УЕФА Даму Кубогының иегері

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Арменияда өткен УЕФА Даму Кубогында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Турнирге Қазақстан, Армения және Беларусь құрамалары қатысты. Біздің құрама екі ойын өткізді. Армения құрамасына 0:1 есебімен жол беріп, екінші ойында Беларусь құрамасын 4:1 есебімен айқын жеңді. Сонымен қатар, турнир аяқталғаннан кейін Александр Кузнецов командасы Арменияның «Бананц» командасының жастарымен жолдастық матч өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан Олжас Байбек пен Қошали Измоллаев мергендік танытты.

Армения U-15 — Қазақстан U-15 — 1:0 (0:0)

Голдар: Вардан Товмасян 59

Қазақстан U-15 — Беларусь U-15 — 4:1

Қазақстан сапында гол соққандар: Олжас Байбек, Әлихан Әмір (2), Ілияс Әбіл

«Бананц» — Қазақстан U-15 — 1:2

Қазақстан сапында гол соққандар: Олжас Байбек, Қошали Измоллаев.

Қазақстан U-15 құрамасы:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Шахтер»), Никита Политик («Қайрат»);

Қорғаушылар: Нұрдәулет Тұяқбаев («Алаш-РКС»), Руслан Захаров («Жас-Қыран»), Игорь Горошков, Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Досхан Дүйсенбек (барлығы — «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Самғат Бейілхан, Олег Сұлтанов, Андрей Мачехин, Қошали Измуллаев, Ілияс Әбіл («Алаш-РКС»), Роланд Хануев, Глеб Валгушев, Олжас Байбек, Мирас Манат (барлығы — «Қайрат»), Валерий Валмери («Марсет», Испания);

Шабуылшылар: Жанер Жазмағамбетов («Каспий»), Әлихан Әмір, Дінмұхамед Сайын («Жас-Қыран»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Кузнецов — аға жаттықтырушы, Артем Гавриленко — аға жаттықтырушының көмекшісі, Даниил Рихард — қақпашылардың жаттықтырушысы, Ғалилбай Ахметов — дәрігер, Болат Адамбеков — менеджер.

Бөлісу

.