26 тамыз, Дүйсенбі

Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың кезекті жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров екі жылғы үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Жақында ғана MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған отандасымыз 1-маусым күні Англияда өтетін бокс кешінде сынға түседі. Қарсыласы әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні, Астана қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйге (21-5-0, 18 КО) қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Бұл отандасымыздың 22-жеңісі. Әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген.

Бөлісу

.