25 Мамыр, Сенбі

Елдос Сметов Гран-при турнирінде сынға түседі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елдос Сметов Қытайда өтетін әлемдік «Grand Prix» турнирінде сынға түседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов 24-26 мамыр аралығында Қытайдың Хохот қаласында өтетін Гран-при турнирінде өнер көрсетеді. Дүбірлі додаға әлемнің 47 мемлекетінен 419 дзюдошы қатысады. Отандасымыз 60 келі салмақта сынға түседі.

Айта кетейік, Елдос әлемнің ең үздік бес балуанының қатарында тұр. ОлТүркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтыннан алқа таққан болатын. 

Бөлісу

.