25 Мамыр, Сенбі

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде жоғарылады 

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC тұжырымының жаңартылған рейтингінде жоғарылады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері иегері Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) WBC тұжырымының жаңартылған рейтингінде 3 сатыға жоғарылап, 26 орынға жайғасты.  Орта салмақта (160 фунт. 72,58 келі) өнер көрсететін отандасымыз небәрі 6 жекпе-жек өткізіп, үздіктер қатарына кірді. Сондай-ақ осы салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов екі саты жоғары көтеріліп, 24-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңген болатын.  Жәнібек WBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылған болатын.

Бөлісу

.