26 тамыз, Дүйсенбі

Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (7-0, 7КО) мансабындағы сегізінші жеңісіне жетті,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Иван Дычко Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде америкалық Рэй Остинмен қолғап түйістіріп, үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Бір айта кетерлігі, америкалық боксшы Иван Дычкодан 29 келі ауыр болған.

Еске сала кетейік, Иван Дычко әуесқой бокстан Лондон және Рио Олимпиадаларының қола жүлдегері. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарынан бір күміс, бір қола медаль иеленген. 

Бөлісу

.