25 Мамыр, Сенбі

Мадияр Әшкеев чемпиондық белбеуге таласады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев келесі жекпе-жегінде WBC белбеуі жүйесіне кіретін NABF титулы үшін жекпе-жек өткізеді. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 23-мамыр күні АҚШ елінде Аризона штатында өтетін бокс кешінде сынға түседі. Қарсыласы америкалық Сесил МакКала болмақ. МакКала кәсіпқой бокста 24 кездесу өткізіп, үшеуінде ғана жеңілген тәжірибелі боксшы. Ал Мадияр 11 өткізіп, 6 кездесуді нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, Әшкеев соңғы жекпе-жегін Калифорния штатындағы Сант-Инес қаласында өткен бокс кешінде өткізіп, пуэрторикалық Луис Эрнандесті төрешілер шешімімен жеңді. 

Бөлісу

.