26 тамыз, Дүйсенбі

Әли Ахмедов Головкиннің жаңа бапкерінің қол астында жаттығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10КО)  америкалық нокаутшыға қарсы жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін белгілі болғандай Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қол астында жаттығуын жалғастырып жатыр.

— WBC әлем чемпионы титулының жастар арасындағы иегері Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері — америкалық Джонатан Бэнкспен Калифорния штатында жаттығады, — деп хабарлама таратты Головкиннің командасы.

8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өнер көрсететін отандасымыз америкалық нокаутшы Абрахам Ханмен (26-1-4, 16 КО) қолғап түйістіреді. Әли Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қол астында жаттығуын жалғастырып жатыр.

Айта кетсек, 24 наурызда өткен өзінің соңғы айқасында Ахмедов төрешілердің бірауыздан берген шешімімен АҚШ боксшысы Майк Гайдан (9-4-1, 5КО) басым түскен болатын.

Бөлісу

.