5 сәуір, Жексенбі

Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын Астанадағы турнирде қорғайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов чемиондық атағын Астанада өтетін M-1 Global турнирінде қорғайды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы

M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (11-0) чемпиондық атағын Астанада өтетін турнирде қорғайтын болады.  28 маусым күні өтетін кезекті M-1 Challenge турнирінің басты жекпе-жегінде сынға түсіп, алғаш рет чемпиондық атағын қорғайтын болады. Отандасымыздың қарсыласы әлі белгісіз. 77 келі салмақта жұдырықтасатын Шавкат осы жекпе-жектен кейін UFC тұжырымымен келісімшартқа отыруы мүмкін,

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов  M-1 Challenge 101 турнирінде ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) жұдырықтасып, M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. 

Бөлісу

.