26 тамыз, Дүйсенбі

Батыр Жүкембаев мексикалық боксшымен қолғап түйістіреді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіліс дәмін татпаған отандасымыз 10 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы ресейлік Арсланбек Махмудов (7-0, 7 КО) пен американдық Джонатан Райс (10-3-1, 6 КО) WBC International тұжырымы бойынша чемпиондыққа таласады.

Айта кетейік, 17 наурызда Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) 10 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңді. 

Бөлісу

.