25 Мамыр, Сенбі

Садриддин Ахмедов маусым айында шаршы алаңға оралады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін маусым айында өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегіне дайындығын пысықтау үшін Канада еліне аттанып кеткен болатын.  Белгілі болғандай «Қазақ сарбазы» 29 маусым күні Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласының есімі әзірге белісіз.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, 7 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде «Алматы арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінде Джон «Yohanes Ruba» Рубамен (17-5-1, 9КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бөлісу

.