25 Мамыр, Сенбі

Бокстан Қазақстан Спартакиадасының жартылай финалистері анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бокстан Қызылордада өтіп жатқан Қазақстан Спартакиадасында жартылай финалдың жұптары анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстан Спартакиадасының ақтық сынына жолдама алу үшін кездесетін былғары қолғап шеберлері белгілі. 52 келіде түркістандық Сәкен Бибосынов пен Ақтөбе облысының өкілі Абай Қуандықов кездеседі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан өкілі Евгений Павлова пен астаналық Азат Махметов финалға берілетін екінші жолдамаға таласады. 60 келіде маңғыстаулық Саматәлі Толтаев пен Ақмола облысының өкілі Ерсұлтан Болат және Әділет Құрметов (ШҚО) пен павлодарлық Серік Теміржанов сынға түседі.  69 келіде Талғат Шайкен (Ақмола облысы) мен Станислав Цой (Жамбыл облысы), Аятолла Тәкіжанов (Павлодар) пен Қанағат Маралов (Нұр-Сұлтан) кездеседі.  81 келіде Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) қызылордалық Қуандық Жүсіппен, Дінислам Әбдешов (Түркістан облысы) Нұрбек Оралбаймен қолғап түйістіреді.  Аса ауыр салмақта қостанайлық Данил Семенов пен ақтөбелік Ержан Сейтімбетов, астаналық Нұрболат Сермаханов пен жамбылдық Нұрсұлтан Аманжолов жұдырықтасады. 

Айта кетейік, жартылай финалдық кездесулер бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де өтеді. 

Бөлісу

.