19 маусым, Сәрсенбі

Қуат Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке ауыр жарақатымен шыққан

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың әлем чемпионы атағына таласқан жекпе-жекке ауыр жарақатымен шыққан, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов  Fight Nights Global  тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке ауыр жарақатымен шыққанын айтты. Бұл туралы споршы өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Достар, сендерге ешкім білмейтін бір жайтты айтқым келеді. Мойындау қиын, десек те, бұл жекпе-жекке ауыр жарақатпен шықтым. Жекпе-жекке үш апта қалғанда иығымнан ауыр жарақат алдым. Жаттығу барысында иығыма адам құлап, оң қолымнан ауыр жаратқаттандым. Жекпе-жек барысында оң қолыммен ұра алмай, дұрыстап та күресе алмадым. Біз жарақатты емдеу үшін бәрін жасадық. Бәрақ ештеңе көмектеспеді. Бір мезетте жекпе-жекке шығудан бас тартуды да ойымда болды. Бірақ чемпиондық атақ үшін екінің бірі төбелесе бермейді. Менде сол қолмен төбелесуден басқа амал болмады. Сондықтан да оң қолмен жақсы соққылар жасай алмай, тіпті дұрыстап та күресе алмадым. Бұл ақталу емес. Бар болған мән-жайдың қалай болғанын айтқым келді», – деді Хамитов.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов  Fight Nights Global  тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовқа (23-3-0) қарсы жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліске ұшыраған болатын.

Бөлісу

.