19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстандық каратеші әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов әлемдік рейтингте үздік үштікке енді, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Рабаттағы турнирде топ жарған Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингте бір сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты. Бүкіләлемдік карате федерациясының жаңартылған рейтингінге отандасымыз бір сатыға жоғарылап, үшінші орынға жайғасты. 60 келіде өнер көрсететін Дархан Асаділовтің Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндігі мол.  Сондай-ақ Қайсар Алпысбай әлемдік және олимпиадалық рейтингте біршама ұпай жоғалтып, тиісінше 16-шы және 59-шы орында тұр.  67 келідегі Асылбек Мұрат 27-ші орынға көтерілсе, Дидар Әмірәлі 44-ші орынға төмендеді. 75 келідегі Игорь Чехмарев Рабаттағы жарыстың қола жүлдесінен соң олимпиадалық рейтингтегі жағдайын жақсартып, 15-ші орынға тұрақтады. 61 келідегі Мадина Өтелбаева 42-ші орыннан 38-ші сатыға жоғарылады. 

Айта кетейік, Бүкіләлемдік федерация бекіткен ереже бойынша, рейтингте бірден төртінші орынға дейін орналасқан спортшылар 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алады. Ол үшін каратешілер келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасатын жарыстар тізбегінен сырт қалмауы тиіс

Бөлісу

.