26 тамыз, Дүйсенбі

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Португалиямен ойнайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

9-12 мамыр аралығында Испанияның Салоу қаласында World Beach Games (Әлемнің жағажай ойындары) іріктеу кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстан құрамасы 9 мамыр күні Португалиямен ойнайды. Алғашқы айналымнан сүрінбей өтсе, Швейцария мен Германия жұбының жеңімпазы күтіп тұр.

World Beach Games финалының ойындары 2019 жылдың қазанында АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасы өткен жылы Еуролиганың промофиналында үшінші орын алып, Әлемнің жағажай ойындарының іріктеу кезеңіне жолдама алған еді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Виктор Чорный (к), Всеволод Гаврилов.

Ойыншылар: Дмитрий Перевертов, Виталий Тюльпа, Салман Чапанов, Баянбек Муралинов, Игорь Демешко, Станислав Макагон, Роман Богданов, Асқар Әжікенов, Тимур Ершин, Дархан Смаилов, Владимир Ковган.

Жаттықтырушылар штабы: Ерлан Жамантаев – аға жаттықтырушы, Болат Аленов – екінші бапкер, Азамат Кенжеғұлов – менеджер.

Бөлісу

.