25 Мамыр, Сенбі

Қазақстандық ойыншы мансабын Швейцарияда жалғастырады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қақпашысы Константин Пузанов мансабын Швейцарияда жалғастырады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Соңғы екі жылда Беларусьтің «Динамо» командасының жастар құрамында ойнаған қақпашы деңгейі жағынан Швейцарияның екінші лигасы — Челлендж-лигада бақ сынайтын «Кьяссо» клубына ауысты.  Әзірге келісімшарттың қанша уақытқа жасалғаны белгісіз.

Айта кетейік, өткен жылы Константин Пузановты әйгілі Криштиану Роналду өнер көрсеткен «Насьонал» командасына шақырту алған еді.

Бөлісу

.