19 қыркүйек, Бейсенбі

Данияр Қайсанов — Азия чемпионы

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Еркін күрес балуаны Данияр Қайсанов Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

74 келіде белдесетін отандасымыз алғашқы айналымда моңғол балуаны Отгонбайар Басуриді айқан басымдылықпен ұтса, екінші белдесуде өзбек балуанынан оңай айласын асырды. Ал жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровты ұтты. Батыров жарақат алып, кездесуге шықпады. 

Ақтық белдесуінде Данияр Қайсанов үнді балуаны Амит Кумармен белдесті. Қарсыласын 5:0 есебімен айқын ұтып, Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, өкінішке орай, 61 келідегі Бауыржан Төребек, 86 келідегі Әділет Дауланбаев пен 92 келідегі Ералы Абдрашев және аса ауыр салмақтағы Олег Болтин жарыстан шығып қалды.

Бөлісу

.