19 қыркүйек, Бейсенбі

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылды, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері иегері Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде ең үздік 15 боксшының қатарына кірді. Орта салмақта (160 фунт. 72,58 келі) өнер көрсететін отандасымыз небәрі 6 жекпе-жек өткізіп, үздіктер қатарына кірді. Сондай-ақ осы салмақта өнер көрсететін ел мақтанышы Геннадий Головкин бірінші орында тұр. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы Деметриус Андрадеге тиеслі.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде  мексикалық Кристиан Олливасты жеңген болатын. 

Бөлісу

.