26 тамыз, Дүйсенбі

Азия чемпионаты: Ерлан Серікжанов — алтын, Елдос Жұмақанов — күміс жүлдегер

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақтың қос балуаны финалда жолықты, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

66 келіде белдескен Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов қарсыластарын қоғадай жапырды. Елдос жартылай финалда тәжірибелі, моңғол балуаны Мунxбаяр Нергуиді иппонмен ұтса, Ерланның қарсыласы бозкілемге шықпады. Финалға жолдама алған қос балуанымыз алтынды сарапқа салу қажет болатын. Алайда Елдос Жұмақанов жарақатына байланысты татами төріне шығудан бас тартты. Осылайша, Ерлан Серікжанов 66 келіде чемпион атанса, Елдос Жұмақанов күміс жүлдені жеңіп алды.

Сондай-ақ 48 келі салмақта финалға шыққан Галбадрах Отгонцэцэг қытайлық қарсыласына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.

Бұған дейін Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. 60 келіге дейін салмақты сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбек спортшысы Шарафутдин Лутфуллаев жеңді.

Осылайша, Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні Қазақстан спортшылары ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдені салды.

Бөлісу

.