5 сәуір, Жексенбі

Алматыда дзюдодан Азия кубогы басталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

20-21 сәуір күндері Алматы қаласында спорт жанашыры, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті қызметін атқарған Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресейден 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Осыған дейін, атап айтқанда, 2017-2018 жылдары жастар арасында өткізілген дәтүрлі жарыстың биыл ауқымы кеңейіп, жасөспірімдерге де бақтарын сынауға мүмкіндік беріліп отыр. Жарыстың ұйымдастырылуы жағынан Азия дзюдо одағы тарапынан жоғары бағаланған турнирге биыл қатысушылар саны да артты. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, 20-21 сәуір күндері өтетін Азия кубогы біз үшін Әлем чемпионатының алдындағы дайындық турнирі деуге де болады. Себебі, биыл Алматы қаласы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ең үздік спортшыларды қабылдайды. Нақты айтқанда, 2019 жылдың 25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді.

Мұндай ірі жарыстарды елімізде өткізу – шетелдік дзюдошылармен достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, жас спортшыларымыздың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықараралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік рейтингте ұпайлар беріледі. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан қосылады.

Жасөспірімдер арасындағы Азия кубогына аға жаттықтырушы Ғайноллаа Есенғалиев пен Баақытжан Төребеков баптап отырған 2002-2003 жылдары туған спортшылар қатысса, жастар арасындағы жүлдені аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов пен Айбек Имашевтің шәкірттері 1999-2001 жылдары туған жас татами шеберлері сарапқа салатын болады.

Қазақстан құрама сапында жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрзат Сәлімбаев, екі дүркін Азия чемпионы Шерзод Давлатов, жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы Ғалия Тынбева сынды еліміздің үздік жас дзюдошылры ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондары Дәурен Қайратұлы, Тынарбаай Тілеген, Мавлидов Мұхамедали, Жұрқамырза Шүкірбеков, Нұрасыл Болат, Алима Жұмағалиева,Аяулым Қуанышева, Даяна Белгібаева, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері Мадина Парагулкова мен Құндыз Жылқыбай Алматы татамиінде белдеседі.

Екі күнге жоспарланған жарыс Алматы қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтеді. Жарыс күн сайын сағат 10:00-де басталса, финалдық кезеңдері 16:30-ге жоспарланған. Жарыс отандық «Qazsport» арнасында көрсетіледі.

«Халық Арена» спорт сарайында өтетін Азия кубогының жарыс кестесі:

20 cәуір

Жасөспірімдер

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30

Финалдық белдесулер – 17:00

Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, +90 кг;

Қыздар: -40 кг, -44 кг, — 48 кг, — 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

Жастар

21 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық белдесулер – 16:30

Ұлдар: -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;

Қыздар: — 48 кг, — 52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

Бөлісу

.