7 сәуір, Сейсенбі

Жалғас Жұмағұлов: Қуаттың жеңіске жетуін Алладан тілеймін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Қуат «Найман» Хамитов пен Нариман Аббасов арасындағы жекпе-жек туралы ойымен Qsport.kz порталына бөлісті.

Fight Nights Global тұжырымының ең жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салатын Қуат «Найман» Хамитов әзірбайжандық Нариман Аббасов (23-3-0) арасындағы жекпе-жек туралы ойын ортаға салды. 

– Нариманмен Тайландта оқу-жаттығу жиынында бірге болдым. Өте төзімді, функционалдық тұрғыдан да мықты. Тік тұрып та, партерде де өзін жақсы сезінеді. Ал Қуат өте тәжірибелі, қайсар мінезді жігіт. Егер Қуат функционалдық тұрғыдан дайын болса, жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар. Әрине, бауырымызға қолдау көрсетіп, жанкүйер боламыз. Алладан Қуаттың жеңіске жетіп, елімізге чемпион боп оралуын тілеймін», – деді Жалғас. 

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (18-6-1)  соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.

Бөлісу

.