25 Мамыр, Сенбі

Жанқош Тұраров «Канело» мен Джейкобс арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын атады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров «Канело» – Джейкобс арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңіске жететіні туралы ойын Qsport.kz порталымен бөлісті. 

Жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров WBA Super/WBC/IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері Сауль «Канело» Альварес пен IBF чемпионы Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жекте кімнің жеңіске жететінін айтты. Ол өз сөзінде: «Қос спортшы да бір-біріне лайықты, екеуі де мықты. Меніңше, кездесу 12 раундқа созылып, төрешілер шешімі бойынша Альварес жеңіске жетеді деп ойлаймын», – деді Тұраров. 

Айта кетейік,  Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) пен Дэниел Джейкобс(35-2, 29 КО)  арасындағы жекпе-жек 5-мамыр күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді. 

Бөлісу

.