25 Мамыр, Сенбі

Иван Дычко Энтони Джошуаны жекпе-жекке шақырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (7-0, 7 КО) аса ауыр салмақта WBA, WBO, IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Энтони Джошуаны (22-0, 21 КО) жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Британиялық боксшының қарсыласы Джаррелл Миллер допинг тесттен өте алмаған себепті жекпе-жекке шыға алмауы мүмкін. Ал Иван Дычко мен Энтони Джошуа 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жартылай финалында 11-13 есебімен жеңіліс тапқан.

«Кезінде ол мені жеңе алмаған, бұл жолы да ұта алмайды. Өз жерінде төрешілердің көмегімен «алтын» алды. Қазір сол жекпе-жектегі «жеңісін» дәлелдейтін сәт келді. Мен нағыз бабымдамын және жұдырықтасуға дайынмын», — деп келтіреді қазақстандық боксшының сөзін Vringe.com сайты.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычкокәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 10 мамыр күні Флорида штатының Холливуд қаласындағы Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде өткізеді. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Бөлісу

.