24 қыркүйек, Сейсенбі

УЕФА Еуропа Лигасының кубогын Алматыға әкелді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

УЕФА Еуропа Лигасының финалы биыл Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Финалды ұйымдастыру комитеті еліміздің оңтүстік астанасында өтетін халықаралық көрмеге қатыспақ.

29 мамыр күні Бакуде өтетін УЕФА Еуропа Лигасының финалының ұйымдастыру комитеті Қазақстанда болатын «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесіне қатысады. Шара 17-19 сәуір аралығында Алматыда өтеді.

Көрмеде Еуропа Лигасының финалы туралы барлық ақпарат қойылады. Сонымен қатар, УЕФА Еуропа Лигасының Кубогын тамашалауға болады. Кез келген жан естелік суретке түсе алады.

Бөлісу

.