Басқалары

Каратеден Қазақстан құрамасы әлемдік турнирге қатысады

Каратеден Қазақстан командасы Марокконың Рабат қаласында өтетін әлемдік турнирде сынға түседі, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Каратеден Қазақстан құрамасы 17-22 сәуір аралығында өтетін «К-1 Premier League Rabat open» турниріне қатысады. Осы додадан бастап каратедегі  лицензиялық ұпай алу жүйесінде бірқатар айырмашылықтар болмақ. Әлемдік және олимпиадалық рейтингте аздаған өзгерістер орын алады. 

Рабаттағы турнирге Қазақстан атынан төмендегі спортшылар қатысады: 

Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (-68 келі), Софья Берульцева (+68 келі); 

Дархан Асаділов (60 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі), Дидар Әмірәлі (-67 келі), Ермек Айназарова (75 келі), Игорь Чехмарев, Данияр Юлдашев (84 келі). 

Айта кетейік, Қазақстан каратешілері Франция тарапының шақыртуымен 10 күндік бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.

Басқалары