19 маусым, Сәрсенбі

Асылжан Бақытжанұлы АСА тұжырымымен жаңа келісімшартқа отырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Бақытжанұлы АСА тұжырымымен жаңа келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы.

Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірі АСА тұжырымымен 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырған болатын. Тұжырым аясындағы барлық жекпе-жегін өткізген отандасымыз АСА-мен тағы да 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырды. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Асылжан осы келісімшарт бойынша чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы сегізбұрышта 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетіп, 1 рет қана жеңілген. Ол соңғы жекпе-жегін АСА 93 турнирінде ресейлік Владимир Бабичпен (11-6) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Бөлісу

.