19 маусым, Сәрсенбі

Ерұлан Ысқақовқа былтырғы Азия чемпионатының күміс жүлдесі табысталады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ерұлан Ысқақов  былтырғы Бішкекте өткен Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды, – деп хабарлайды Qsport.kz  ҰОК комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы Бішкекте ұйымдастырылған құрлық додасында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға жайғасқан еді. 

Алайда, UWW (Біріккен күрес әлемі) 97 келіде белдесіп, чемпион атанған ирандық Мұстафа Салехизадені допинг қабылдағаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медальды қайтарып алды. Осылайша, чемпионат алтыны өзбекстандық Рустам Ақсақаловқа беріліп, қола жүлдегер атанған қазақстандық Ерұлан Ысқақов екінші орынға ие болды.

«Күміс медаль ресми түрде қолыма әлі тиген жоқ. Бірақ федерация арқылы UWW (Біріккен күрес әлемі)  ресми хат жібергенін білдім. Бұл менің Азия чемпионаттарында жеңіп алған төртінші жүлдем. 2014 жылы чемпион атансам, қалған үш жарыста күміс пен қоланы еншілеген едім. Шынымды айтсам, қоланың күміске айналғанына айтарлықтай қуанған жоқпын. Өйткені, 2017 және 2018 жылғы Азия чемпионаттарында тап осы ирандық балуаннан жеңілген едім. Күрес кезінде оның әсте шаршамайтынын байқадым. Кейін бір жылдай уақыт оны ресми жарыстардан кездестірмедік. Міне, бүгінде оның допинг арқылы жеңіске жеткенінен хабардар болып отырмыз. Егер ол допинг қабылдамағанда, менің оны жеңіп, финалға шығатын мүмкіндігім бар еді. Спортта тыйым салынған заттарды қолдану көптеген балуанның жолын кеседі», — дейді Ерұлан Ысқақов.

Осылайша, Қазақстан командасы 2018 жылғы Азия чемпионатында жалпы есепте бірінші орын иеленіп отыр. Екінші орында Қырғызстан, үшінші орында Өзбексан командалары орналасқан. 

Бөлісу

.