19 маусым, Сәрсенбі

Таэквондодан Универсиада аясындағы жарыстың жеңімпаздары анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Х жазғы Универсиада аясында таэквондодан болған жарыс өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Х жазғы  Универсиадасының бағдарламасы бойынша таэквандодан қыздар мен ұлдар арасындағы кезекті турнир аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:

   Ерлер:

І орын- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

ІІ орын- Х.А.Ясауи атындағы  халықаралық қазақ-түрік университеті

ІІІ орын- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қыздар:

  І орын- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

     ІІ орын- Х.А.Ясауи атындағы  халықаралық қазақ-түрік университеті

     ІІІ орын- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті               

Марапаттауды салауатты өмір салты кафедрасының директоры Анатолий Арещенко, ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» филиалының директоры Зоя Айтбаева, Алматы қаласы Білім басқармасы калалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының директоры Елнар Назаров  және бас жаттықтырушы жүргізіп,жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Универсиаданың дипломдары,медальдары және кубоктарымен марапаттады.

Бөлісу

.