19 маусым, Сәрсенбі

Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионатында өнер көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мейіржан Шермаханбет Қытайда өтетін Азия чемпионатында сынға түседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Шермаханбет Қытайдың Сиянь қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Әлемнің ең үздік балуандарының бірі саналатын Мейіржан алғаш рет Азия чемпионатында сынға түседі.  Әлемдік рейтингте 4-орында тұрған отандасымыз 67 келі салмақта белеседі.

Айта кетейік, Мейіржан Шермаханбет 2018 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан чемпионатында да топ жарды.

Бөлісу

.