Бокс

Қазақстандық боксшы америкалық нокаутшыны жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мұса Тұрсынғалиев «Канелоның» командаласын жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

WBA NABA белбеуінің иегері Мұса Тұрсынғалиев (11-0 8KO) америкалық  нокаутшы, әлемге танымал Райан Гарсияны (18-0 15KO) жекпе-жекке шақырды. Ол өз сөзінде: «Мен  ең мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Үлкен жекпе-жектер мен мықты қарсыластарға дайынмын. Райан Гарсия АҚШ-та ғана емес, әлемге танымал боксшы. Онымен қолғап түйістіріп, нағыз мықтыны анықтағым келеді. Бұл нағыз тартысқа толы, қызықты жекпе-жек болары анық», – деді Мұса. 

Естеріңізге сала кетейік, Мұса Тұрсынғалиев пен Иван Дычко The Heavyweight Factory деп аталатын америкалық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған болатын. Ол соңғы жекпе-жегінде  америкалық Винсент Дженнингсті (6-5-2, 4 КО) жеңген болатын. 

Бокс