19 маусым, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегіндегі жеңісінен соң BoxRec рейтингіде жоғарылады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жәнібек Әлімханұлы BoxRec рейтингінде орта салмақ дәрежесінде 2 сатыға жоғарылап, 52-ші орынға жайғасты. 

Лос-Анджелес қаласында WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімxанұлы мексикалық Кристиан Олливас жұдырықтасты. Қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген тәжірибелі боксшы болды. Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Жәнібекке берді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста өткізген 6 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.

Бөлісу

.