19 маусым, Сәрсенбі

Қазақстандық спортшы UFC-дің ұсынысынан бас тартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық жас аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаевқа UFC тұжырымынан ұсыныс түсті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жақында ғана «Octagon Pro» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған Асу Алмабаевқа UFC тұжырымынан ұсыныс түскен.  Бұл туралы «Octagon Pro» промоутерлік компаниясының басшы Нұраддин Садық мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Асуға байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Жақында UFC мен Bellator тұжырымынан ұсыныс түсті. Бірге 61 келі салмаққа ұсыныс түскендіктен одан бас тартуға тура келді. Өйткені Асудың оған антропологиясы келмейді», – деді Нұраддин.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін M-1 Challenge 101 турнирінде өткізіп, франциялық спортшы Пьера Лудетаны (5-1) қылқындыру әдісімен жеңді.

Бөлісу

.