19 маусым, Сәрсенбі

Қазақстандық құзға өрмелеушілер әлем кубогында сәтсіз өнер көрсетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Мәскеуде өткен спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогында қазақстандық спортшылар айтарлықтай нәтижемен көзге түскен жоқ, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Ерлер арасында ел намысын қорғаған Ришат Хайбуллин 83-ші нәтижені көрсетті. Ал Әмір Маймұратов болса үздік он спортшының қатарына кіруге сәл қалды. Ол 11-ші орын алды.

Әйелдер арасындағы боулдеринг сайысында ең жоғары нәтижеге Тамара Олжабаев қол жеткізді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 63-ші сатыға жайғасты. Ал Әсел Марленова 85-ші, Маргарита Агамбаева 91-ші орында қалды.

Айта кетейік, спорттық құзға өрмелеу 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасының спорттық бағдарламасына қосылды.

Бөлісу

.