Бокс

Сағадат Рақманқұл Голливудта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рақманқұлдың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды, — деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

Сағадат Раxманқұл 10 мамыр күні шаршы алаңға қайта оралады. Отандасымыз АҚШ еліндегі Лос-Анджелес қаласының қасында орналасқан Голливудта өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бірінші орта салмақта сынға түсетін Сағадаттың қарсыласы әзірге белгісіз.

Қазақстандық былғары қолғап шебері соңғы жекпе-жегін 16 наурыз күні өткізген болатын. Сағадат Рақманқұл америкалық Брэндон Адамспен (4-7-1 2КО) жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сағадат Рақманқұл кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, 4 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет қарсыласына есе жіберген.

Бокс