19 маусым, Сәрсенбі

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

20-21 сәуір күндері Алматы қаласында Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 1999-2001 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

*Махмұтов Бекет Сапабекұлы — Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған.

Бөлісу

.