Ережесіз жекпе-жек

Ресми: Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьемен жұдырықтасады

Дастин Порье — жеңіл салмақта UFC уақытша чемпионы

Жеңіл салмақта UFC уақытша чемпиондық белбеуін иемденген Дастин Порье ресейлік Хабиб Нурмагомедовті жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай жеңіл салмақта чемпион болған Макс Холлоуэйді жеңген Дастин Порье жекпе-жектен бірден ресейлік спортшымен кездескісі келетінін мәлімдеді. Дастин Порье UFC 236 турнирінде бес раунд нәтижесі бойынша 49:46 ұпайымен қарсыласынан басым түскен болатын.

Ресейлік спортшының жауабы да ұзақ күттірмеді: «49:46 ұпай берген төрешілермен келіспеймін. Менің ойымша, жекпе-жек тең аяқталды. Екі спортшыны да құрметтеймін. Порьенің жетістігін елемей қоюға болмайды. Қыркүйек айында жолыққанша, Порье», — деп жазды Хабиб Twitter парақшасында.

Ал UFC 236 турнирі аяқталғаннан соң өткен баспасөз-мәслихатында UFC ұйымының президенті Дана Уайт қос боксшының сегізбұрышта кездесетінін ресми жариялады.

«Порье келесі жекпе-жегін Хабиб Нурмагомедовпен өткізеді. Айқас қыркүйекте өтеді», — деді Дана Уайт.

Ережесіз жекпе-жек