16 қазан, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімxанұлы екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Лос Анджелес қаласында WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімxанұлы мексикалық Кристиан Олливас жұдырықтасты. Қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, тәжірибелі  боксшы.

Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Жәнібекке берді.

Осылайша, отандасымыз WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иемденді.

Бөлісу

.