19 маусым, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ертең, яғни 13 сәуір күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулері үшін өтетін жекпе-жек 12 сәуір күні Лос Анжделесте өтеді. Кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Жәнібектің қарсыласы кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген, тәжірибелі мексикалық Кристиан Олливас болмақ. Бүгін қос боксшы жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Жәнібек алғаш рет 160 фунт, яғни 72,5 кг салмақты көрсетті. 

Бокс кешін «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Трансляция елорда уақыты бойынша таңғы 07:00-де басталады. Сондай-ақ мына СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2 бойынша көре аласыздар.

Бөлісу

.