Бокс

Қазақстандық нокаутшы мамыр айында шаршы алаңға шығады

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко (7-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегін мамыр айында өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшы 10 мамыр күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Айта кетейік, Иван Дычко соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Морис Харристы (26-22-3, 11 КО) нокаутқа түсірген болатын. Жалпы қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабында 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен.

Бокс