25 Мамыр, Сенбі

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

12 сәуір күні АҚШ-тың Лос Анжделес қаласындағы «Staples Center» аренасында Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Отандасымыз  WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеуі үшін өтетін жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты. Жәнібек алғаш рет 160 фунт, яғни 72,5кг салмақты көрсетті. 

Айта кетейік, отандасымыз мексикалық тәжірибелі боксшы Кристиан Олливаспен қолғап түйістіреді. 27 жастағы мексикалық кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, оның 16-ын жеңген. Бұл жекпе-жекті «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Бөлісу

.