Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду тағы да рекорд жаңартты

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасындағы 125-голын соғып, жеке рекордын жаңартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы ширек финалындағы бірінші ойында «Аякстың» қақпасын гол соғып, тағы да рекорд жаңартты. «Ювентус» пен «Аякс» арасындағы тартысты ойын тең аяқталды. Бірінші тайм аяқталар тұста Криштиану Роналду Канселудың көтерген добын дәл қабылдап, баспен гол соқты. Артынша екінші тайм бастала салысымен Давид Нерестің тепкен голы Войцек қақпасының торында тулап, амстердамдық клуб есепті теңестіріп кетті.

Месси бастаған «Барселона» клубы «Олд Траффорд» стадионында Сульшер шәкірттерін қапы қалдырды. Ойынның 12 минутында Люк Шоу өз қақпасына автогол соғып алды.

Айта кетейік, қарымта ойындар 17 сәуір күні өтеді.  «Ювентус» пен «Аякс» арасындағы жеңімпаз «Тоттенхэм» және «Манчестер Ситидің» жеңгенімен кездеседі. Ал «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» клубтарының жеңгені «Ливерпуль» мен «Портудың» ұтқанымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар