16 қазан, Сәрсенбі

Әли Ахмедов Головкиннің андеркардында жекпе-жекке шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10КО) осы жылдың маусым айында келесі жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әли Ахмедов Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға шығады. Бокс кеші 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл жекпе-жек Геннадий Головкиннің DAZN компаниясымен келісімшарты аясындағы алғашқысы болмақ. Әзірге екі боксшының да қарсыластары белгісіз.

Қазір Әли Ахмедов Биг Бэардағы (АҚШ, Калифорния штаты) Абель Санчестің залында жаттығуын жалғастырып жатыр.

Айта кетсек, 24 наурызда өткен өзінің соңғы айқасында Ахмедов төрешілердің бірауыздан берген шешімімен АҚШ боксшысы Майк Гайдан (9-4-1, 5КО) басым түскен болатын.

Бөлісу

.