19 қыркүйек, Бейсенбі

Қазақстандық футболшы қыз ресейлік клубпен келісімшартқа отырды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова Ресейдің жоғары лигасында бақ сынайтын «Звезда-2005» командасымен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Қазақстандық футболшышың «Енисей» клубымен келісімшарты аяқталғаннан соң Ресейдің жоғары лигасында бақ сынайтын «Звезда-2005» командасына ауысты. Аида Гайстенова жаңа командасында 51-ші нөмірмен өнер көрсетеді. 

Бұған дейін Аида Гайстеноваға бірқатар еуропалық клуб қызығушылық білдірген. Алайда қазақстандықтың таңдауы Пермь қаласының командасына түсті.

Айта кетейік, «Звезда-2005» — өз елінің алты дүркін чемпионы. Бұған қоса ел кубогын да 6 мәрте жеңген. 2009 жылы әйелдер арасындағы чемпиондары лигасының финалына шыққан.

Бөлісу

.