25 Мамыр, Сенбі

Қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек кезекті жекпе-жегінде қытайлық қарсыласын нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында өткен бокс кешінде сынға түскен отандасымыз қытайлық Чжу Юаньцаймен (6-6, 2КО) жұдырықтасты. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекте Сұлтан Заурбек (6-0, 4КО) қарсыласын 5 раундта жойқын соққыларының астына алып, ауыр нокаутқа жіберді. Сондай-ақ бұл кеште өнер көрсеткен Әбілхайыр Шегалиев те грузиялық Теймураз Абуладзені (9-7, 8КО) уақытынан бұрын ұтты.

Айта кетейік, бұл бокс кешін АҚШ-та ESPN телеарнасы көрсетті..

Бөлісу

.