19 тамыз, Дүйсенбі

Елдос Сметов Анталиядағы Гран-при турнирде топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елдос Сметов Анталияда өтіп жатқан әлемдік «Grand Prix» турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтыннан алқа тақты. Алғашқы айналымда әзірбайжандық Оруж Вализадамен белдесіп, жеңіске жеткен отандасымыз қарсыластарының бәрін иппонмен ұтты. Болгариялық Валентин Алипиевті, бразилиялық Фелипе Китадайды және ұлыбританиялық Эшли Маккэнзиді жеңген Сметов финалда өзбек Кемран Нуриллаевты сан соқтырды. 

Айта кетейік, бұл дүбірлі додаға әлемнің 78 елінен 533 дзюдошы қатысып жатыр. Сондай-ақ Голбадрах Отгогцецег 48 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

Бөлісу

.