19 тамыз, Дүйсенбі

Қазақстандық спортшы грузиялық қарсыласын нокаутпен жеңді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

M-1 Challenge 101 турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңген Абылайхан Қадыржан  Qsport.kz порталына жекпе-жегі мен алдағы жоспары туралы өз ойымен бөлісті.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Абылайхан «Мансұр» Қадыржан M-1 Challenge 101 турнирінде сынға түсіп, грузиялық Бено Адамияны (5-4-1) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Осы жекпе-жектен кейін отандасымыз өз ойымен бөлісті.

– Аллаға шүкір, елімізде осында үлкен дүбірлі додада сынға түсіп, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. «Халық арена» спорт кешені мен тұратын Думан ықшам ауданына жақын. Сондықтан мені қолдауға келген барша жанкүйерлерді ұятқа қалдыруға намысым жібермеді. Алла қаласа, алдағы жарыстарда да елімнің абыройын асқақтатып, көк туымызды желбіретуге барымды саламын. M-1 Global тұжырымы ары қарай өнер көрсетіп,чемпиондық атаққа жетуге тырысамын.

Айта кетейік, Абылайхан «Мансұр» Қадыржан шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Бөлісу

.